Санжар Тәшкенбай әлем чемпионаты жартылай финалында кубалық қарсыласын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Санжар Тәшкенбай (50 келі) Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалына жолдама алды.

Санжар Тәшкенбай
Фото: Қазақстан ҰОК

Отандасымыз жартылай финалда кубалық Алехандро Кларо Физмен қолғап түйістірген еді. Тәжірибелі қарсыласын қапы қалдырған қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі) финалға шықты.

Енді ел құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) иек болды.

Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

Соңғы жаңалықтар