Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай (50 келі) жеңіспен бастады.

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Отандасымыз 1/8 финалда иорданиялық Хутхайха Эшишпен қолғап түйістірді.

Қос қарсылас жекпе-жек барысында жеңіске жетуге бар күшін салды. Алғашқы екі раундта Санжардың сәл басымдығы байқалды. Шешуші раундта да қазақстандық боксшы сауатты ойын көрсете білді. Нәтижесінде бұл жекпе-жекте жеңімпаз атанды.

Санжар Ташкенбай 2003 жылы Түркістан облысы Келес ауданында дүниеге клеген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.

Қазірге дейін ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) ширек финалға жолдама алса, Наталья Богданова (70 келі) енді жартылай финалда сынға түседі.

Енді ел құрамасынан Бекзат Нұрдәулетов (85 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі) шаршы алаңға шығады.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар