Сапалы білім беру Қазақстанды индустрияландырудың және инновациялық дамудың негізі бола алады- С. Мәжитов

АТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алғаш рет 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасына куә болғаннан бастап Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдаулары біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.
None
None

Тәуелсіздігімізге 20 жыл толатын осы жылы да біз Елбасының Жолдауын ерекше толқумен күттік және аса қызығушылықпен тыңдадық. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, РЖҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір айтты.

Оның айтуынша биылғы бағдарламалық құжаттың ерекшелігі - оның тәуелсіздіктің қол жеткізген жетістіктерін, таңдалған сара жолымыздың дұрыстығын, болашақ даму бағыттары мен қазақстандық қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы мәселелерін паш етуінде. «Ең алғаш назар аудартатын жайт, Жолдаудың тарихилығында. Жер бетіндегі ұлт басшыларының барлығына 20 жылдық тәуелсіздігінің нәтижелерін көлемді баяндау мүмкіндігі берілген жоқ. Жолдауда тәуелсіз Қазақстанның шынайы жетістіктерін тарихи, компаративті талдау келтіру арқылы көрсетудің өзі жеткілікті»,-деп атап өтті ғалым.

С. Мәжитов бастапқыдағы жағдай мен қазіргі қол жеткізген жетістіктер елдің әл-ауқатынан көрініп тұрғанан бас айтты. «Бұл тарапта Елбасының өзі нақты деректерді келтірді. Егер 1994 жылы адам басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің мөлшері 700 доллардан сәл асса, 2011 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 12 есеге өсіп, 9 мың АҚШ долларын құрады. Елбасының халықаралық ракурста жасаған тұжырымдары үлкен қызығушылық тудырады. Бір таңқалдыратыны, тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылдығында әлемнің ешбір мемлекеті осындай жоғары нәтижелерге жетіп көрмеген. Президентіміз айтып өткендей, адам басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі, мысалы, Оңтүстік Кореяда тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылдығында 3 есеге, Малайзияда 2 есеге, Сингапурда 4 есеге, Венгрияда 5 есеге, Польшада 4 есеге өскен»,- деді ғалым.

Оның пікірінше, Жолдаудың негізгі ой өзегі - әлеуметтік модернизация, жаңа әлеуметтік саясаттың актуалды траекториясындағы Үдемелі индустриялық-инновациалық даму бағдарламасында жатыр. «Бұл жерде нақты адамға, қоғамға пайда алып келетін соңғы нәтижеге баса назар аударылған. Еліміздің президенті қолдайтын «Мықты бизнес - мықты мемлекет» қағидаты ең алдымен қалыпты даму мен жақсы тұрмыс тұрақты даму негізінде ғана жүзеге асады. Егер де біз өткенге шолу жасайтын болсақ, онда гүлденген мемлекет құрудың озық ойлары ең алдымен халықтың жақсы тұрмысына негізделіп жасалған дер едік. Сондықтан, тек осындай ғана мемлекеттер мен олардың билігі баянды болған», -деп атап өтті ол.

С. Мәжитовтың пайымынша, әрбір мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі - ұлттың білімі мен денсаулығында. «Сондықтан да әрбір қазақстандықтың ұраны «өмір бойы білім алу» болу керек. Алайда бұндай түсінікті бір мезетте қалыптастыру қиын. Осы мәселені шешу мақсатында Елбасымыз дамудың «қазақстандық моделіне» және білім мен ғылымды модернизациялауға баса назар аударған. Оның көп мәселелері ҚР Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаңтардағы кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыға салынды. Алқа мәжілісінің секциясында сөз сөйлеген министр Б. Жұмағұлов өзінің негізгі баяндамасында білім мен ғылым интеграциясының мақсаты - интеллектуалды ұлт қалыптастыру мен мемлекеттің индустриялық-инновациялық жандануы деген болатын. Жолдауда сонымен қатар, Қазақстанда университеттік білім мен ғылым дамудың жаңа сатысына көтерілуі керектігі айтылған. Бұл ғылым жетістіктері өндірісте, бизнесте, жалпы қоғамның барлық салаларында үлкен сұранысқа ие болуы керек екендігін айғақтайды. Әрине, бұл жерде гуманитарлық ғылымдардың жетістігін балқытылған болаттың тоннасымен немесе үнемделген энергияның киловаттарымен есептеу қиын. Алайда мемлекеттік маңызы жоғары салада жүрген бізге күшімізді біріктіру қажет. Өйткені біз мемлекеттің идеологиялық негіздерін бекіту мен Президенттің ойларын қолдау ісінде мемлекеттің негізгі сүйенішіміз. Жолдауға сәйкес сапалы білім беру Қазақстанды индустрияландыруды және инновациялық дамудың негізі бола алады. Енді, отандық ғалымдардың алдында ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру мен оның халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсаттары тұр»,-дейді ғалым.

Ол сонымен қатар: «Қазақстан Президентінің қатарынан он бес жыл бойы жолдап келе жатқан Жолдауларында Қазақстан халқының бірігуін үндеп келеді», - деп атап өтті. «Осы жылы да Жолдау бізді тағы да біріктірді. Анығырақ айтсақ, ортақ мүдде мен ортақ мақсатқа жұмылдырды. Біріншіден, 2011 жыл Президенттің нұсқауы бойынша Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды. Маған кәсіби тарихшы болсам да тәуелсіздікті енді алғанда алдымыздағы 20 жылда не боларын болжап айту өте қиын болар еді. Қазақстанға және басқа да тәуелсіздігін енді алған мемлекеттерге сол кезде экономикалық коллапс, саяси дағдарыс, және этникаралық қақтығыстар мен тағы да басқа ауыртпашылықтармен бетпе-бет келесіңдер дегендер аз болмады. Оған қарамастан Н.Ә. Назарбаевтың саяси данышпандылығы мен мемлекеттік мәселелерді көлемді көре алу қабілеттерінің арқасында біз өз тәуелсіздігімізді сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлемдік координат жүйесінде дара жолымызды қалыптастыра алдық. Ол кейінен «Қазақстандық жол» деген атқа ие болды. Сондықтан да «ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ОРЫНДАЛҒАН АРМАНДАРҒА ТОЛЫ 20 ЖЫЛ» ұраны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерейтойының ажырамас бөлігі іспетті»,-деді ол.

Оның айтуынша, Жолдаудың екінші және ең маңызды бөлігі Көшбасшымыздың 2020 жылға дейін қызметін ұзарту жөнінде жалпыхалықтың ұсынысымен референдум өткізу туралы ойлары болды. «Алайда, осы ұсыныстың қатысушылары ретінде бізге, қазақстандықтарға, Жолдауда айтылғандай, жоғары азаматтық белсенділігіміз маңызды. Бұл дамудың үлкен мүмкіндігін айғақтайды. Менің ойымша, бұндай жағдай адамдарды тек біріктіреді. Және де бұл тарапта қазіргі әлемде болып жатқан жағдайларды ескерсек өте маңызды болар еді. Үйдегі тыныштық қана, басқаларға тыныштық алып келе алады. Бұл аксиома екені анық. Жолдауда сондай-ақ, Қазақстан сыртқы саясатта дүниежүзіндегі инвесторлар мен бизнес-қауымдастықтарға міндеттеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз еткеніне баса тоқталған. Қазақстанның көпвекторлы дәстүрлі саясаты мен тәжірибесі әлемнің озық талдаушыларымен зерттелуде. Және де онымен дипломаттар мен студенттер білім алуда. Өткен жылы біздің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан тарихының» 5-ші томын басып шығарды. Соңғы том тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналды. Онда «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы - қазіргі заман тарихын зерттеудің басымдылығы мен анализінде басты дерек» атты бөлім бар. Мұнда: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы қазақстандық қоғамның сатылы дамуында оңтайлы шешілген стратегиялық міндеттердің жемісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылдағы халыққа Жолдауын қазіргі заман тарихының маңызды құжаты ретінде қарастыруымыз керек. Оның тарихи маңыздылығы Жолдаудағы міндеттерді сатылы орындау арқылы ғана «Қазақстандық жол» феномені мүмкін болды». - деп жазылған. «Онда айтылғандай, Республиканың тарихшы-ғалымдарының, қоғамтанушыларының міндеті - бұл маңызды деректерді зерттеп, саралап тарихтың қазынасына айналдыру қажет»,-деп атап өтті Саттар Мажитов.

Соңғы жаңалықтар