Сапалы интернет: Базалық станция орнатуға үй тұрғындарының 70% келісімі керек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада тұрғындарды сапалы интернетпен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ цифрлық трансформация департаментінің директоры Жанат Маусымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
None
Ашық көздерден алынған фото

«Елорда тұрғындарын сапалы интернетпен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2022 жылы радиофобияға және ПИК/МИБ жалдау ақысының өсуіне байланысты елордадағы 40 операторлық базалық станция қайта қалпына келтірілді. Базалық станция – ұялы телефонға байланыс сигналын жіберетін радиотаратқыш аппаратура кешені», - деді спикер Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл мәселені шешу үшін тұрақты түрде ПИК/МИБ және проблемалық учаскелердің тұрғындарымен ұялы байланыс және мобильді интернет сапасы бойынша кездесу өтіп келеді.

«Мысалы, жыл басынан бері тұрғындармен 30 кездесу өтті. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үй кешені базалық станция орнатуға келісті, 14 үй келісім беріп, жұмыс жүргізілуде, 9 тұрғын үй базалық станция орнатудан бас тартты», - деді Жанат Маусымбаев.

Базалық станцияны орнату мәселесімен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетіне хабарласуға болады.

Тұрғын үй шатырына базалық станцияны орнату үшін тұрғындардың 70 пайызы келісім беруі қажет.


Соңғы жаңалықтар