17:13, 14 Мамыр 2025 | GMT +5
Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр - Айдос Үкібай
АСТАНА. KAZINFORM - Бірқатар БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Алпысқызының өмірден озғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл деректің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

- Көптеген БАҚ-тың сауалына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген Х әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Назарбаева «Астана Опера» кеңесінің құрамынан шығарылатыны мәлім болды.