Саран қаласында көмір тиелген 2 вагон аударылып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Саран қаласында «Ақтас» шахтасының ауданындағы темір жол учаскесінде көмір тиелген 3 вагон жолдан шығып кетіп,
None
None

оның екеуі аударылып қалды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 10 ақпан күні таңғы сағат 5.00-де болған. «Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар