«Саран» шахтасында қаза болған кеншінің артында екі баласы қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Саран» шахтасында қаза болғандардың ең жасы 33 жасқа аяқ басқан Мейрам Жанысбаев, ең егдесі екі күннен кейін 57-ге толатын Мұрат Нұрмағамбетов, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қаза тапқан кенші жайлы оның туыстары айтып берді. «Мейрам желтоқсанда 33-ке келуші еді. Ол грантпен политехті бітірген. «Саран» шахтасына жақында орналасқан. Бір айдан енді асты. Бес жыл бұрын үйленген. Артында 3 жас және 1 жасқа толмаған екі кішкентай баласы қалды, - деді Мейрамның әпкесі Гүлзира Жанысбекова. - Мейрам енді өмірде жоқ дегенге сене алар емепін».

«  Мұрат 12 қарашада 57-ге толар еді.  Шахтада 30 жылдан астам уақыт еңбек етті. «Жерасты электр слесарі мамандығын алды. Әскерге дейін де шахтада жұмыс істеді. Бұл жерде 15 жыл еңбек етті. Өткен жылы «Шахтерлік атақ» алды. Шахтада оны барлығы білетін, сыйлы еді», - деді оның ағасы. Оның әйелі, екі  ересек балалары бар.

Қаза болған 56 жастағы Эдуард Леснеков жесір болатын. Ұлын өсірді. Марқұмдарды жерлеу сенбі-жексенбіде өтеді. «ҚазАқпарат» ХАА марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысында 10 қарашада шахтада болған апат салдарынан үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті.

null 

Соңғы жаңалықтар