Сарапшылар Ресей бидайын экспорттаудың төмендеуін болжайды

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Баға индекстері орталығының болжамына сәйкес (2024 жылғы 1 шілде – 2025 жылғы 30 маусым), Ресей бидайын экспорттау 19,8%-ға төмендеп, 41,7 млн тонна болды. Бұған маусымның екінші жартысында жеткізудің күрт қысқаруы себеп, деп хабарлайды Коммерсантъ басылымы.

бидай, астық
Фото: АШМ

«СовЭкон» деректеріне сәйкес, экспорт көлемі 40,9 млн тоннаны құрайды ( -22 % жылдық салыстыруда), ал «Русагротранс» 41,5 млн тонна (-25,2%) көлемінде болатынын болжайды.

Қаңтар-сәуір аралығында жөнелту 40%-ға, ал наурыз-сәуірде 60%-ға төмендегенін «Рексофт консалтинг» сарапшылары атап өтті.

Бұл жағдайға әсер етуші факторлар қатарында – оңтүстік өңірлердегі қордың азаюы, теміржол тарифтерінің жоғары болуы, ресейлік рубльдің нығаюы және әлемдік бағалардың төмендеуі бар.

4 маусымдағы НТБ индексі – 15,9 мың рубль/тонна (-2024 жылдың соңынан бері - 12,7%).
Экспортқа арналған федералды квота (15 ақпаннан бастап 10,6 млн тонна) тек 76,4%-ға ғана игерілген. Ресей Үкіметі компанияларға қосымша квота лимитін арттырғанымен, сарапшылар бұл шараның тиімділігіне теріс рентабельділікке байланысты күмән келтіреді.

Жаңа маусымда сарапшылар өнім көлемінің артуына және Таяу Шығыс пен Азия тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты экспорт көлемі 42-45 млн тоннаға жетеді деп күтуде.

Айта кетейік, Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті.

Соңғы жаңалықтар