Сарапшы Головкин мен Альварестің күшті және әлсіз жақтарын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі бапкер және ESPN телеарнасының сарапшысы Тедди Атлас Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдағы өтетін айқасы жайлы талдау жасады.
None
None

«Екі жыл бұрын Головкин «Канело» үшін тым ірі әрі мықты деп санадым. Қазір ойым өзгерді. Головкиннің жасы ұлғайды, боксшы ретінде өскен жоқ. Оны ол соңғы Брук және Джейкобспен айқасында байқатты», - деді Атлас Villainfy Media-ға берген сұхбатында.

 «Екінші жағынан бізде Альварес әлі де жас - небәрі 26-да. Ол өзінің шыңдалғанын, шымырланғанын көрсетті. Енді олардың жекпе-жегі екі жыл бұрынғыға қарағанда теңесті. Головкин маған бұрынғыша ұнай ма, оны айқас көрсетеді. 

Мәселе оның ірі, мықтылығында емес, қазір ол қартайды, біржақты және  қарқыны баяулап қалды.  Әрине, негізгі мәселе күште ғой.

 «Канело» оның күшінен қорғануы қажет, әсіресе оң жақ соққысынан. «Канело» Головкинді жеңгісі келсе, оның жойқын күшінен қорғана білуі тиіс, - деп сөзін түйіндеді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар