Сарапшы Назарбаев сыйлығы жеңімпаздары қалай іріктелгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі Франко Фраттини жеңімпаздар қалай іріктелгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сыйлық тағайындау жөніндегі комитет лауреаттарды іріктеп алды. Оның нәтижесі сәл кейін хабарланады. Сыйлыққа ие болғандардың бәрі – бүкіл өмірін ядролық қарусыз әлем мен жаһандағы қауіпсіздік үшін күреске арнаған адамдар. Яғни, олар ел алдына сөйлеу үшін ғана шықпай, өз жетістіктерін істерімен дәлелдеп жүрген ҚР Тұрғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тұлғалар. Ол кісі өз қызметінде жаһандық қауіпсіздіктің ең басты миссиясы ядролық қарусыз әлем екенін көрсетті», - деді комитет мүшесі.

Оның айтуынша, Назарбаев сыйлығына әлемде аты танымал ондаған адам үміткер болған.

«Комитеттің қарауына 13-14 кандидаттың тізімі түскен. Соның ішінен Назарбаев сыйлығына барынша лайық адамдар іріктелді. Үміткерлердің түйіндемелері мен бұған дейін жаһандық қауіпсіздік саласында жеткен жетістіктерін талдадық. Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, Еурокомиссия төрағасының бұрынғы орынбасары ретінде бұл сыйлықты халықаралық өзге де беделді марапаттармен салыстыра талдап, қарағанымызды айтқым келеді», - деп атап өтті Франко Фраттини.


Соңғы жаңалықтар