Сарапшылар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың бес негізгі себебін атады
«Әлемдік экономиканың босағасында тұрған қазіргі дағдарыс 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың жалғасы болып табылады. Себебі жаһандық жүйенің фундаменталдық кемшіліктері кесірінен туындаған 2007-2009 жылдардың дағдарыстың мәселелері бүгінде де шешілмеген», - деді ол.
Сонымен бірге Л. Мұзапарова әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс туындаған бес негізгі проблемаларға тоқталды.
«Біріншіден, әлемдік нарықтарды орталықтандырып реттеу мүмкіндігінің жоқтығы, екіншіден, әлемдік экономиканың нақты секторымен салыстырғанда қаржылық саланың озық дамуы. Бұның салдарынан ақша өндіріске емес, әлемдік нарықтардағы спекуляцияға түседі. Үшіншіден, шикізатқа баға қалыптасуының деформациясы мәселесі ықпал етті», - деді ол.
Осы орайда институт өкілі шикізат бағалары әлемдік қаржы нарықтарындағы ақша көлеміне көбірек тәуелді бола бастағанын атап өтті.
«Төртінші кемшілік - қазіргі қолданыста қаржылық жүйенің жұмысы - бұл инвестициялық талаптардың бұрмаланған жүйесі, яғни ол әлемдік рейтингтік агенттіктердің объективсіз рейтингтеріне негізделген. Сондай-ақ бесінші кемшілік - бұл дамыған елдердің шаруашылық субъектілері мен үй шаруашылықтарының шамадан артық несилендірілуі және шектен тыс қарыздарға қызмет көрсетудің күрделене түсуі», - деді ол.