09:25, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Саратов облысының үкіметі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-5 маусым аралығында Астана қаласында өтіп жатқан Саратов облысы күндері аясында Саратов облысы өзінің экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени әлеуетін таныстырды.
Осы шара аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Саратов облысы үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметінен.
Бұл келісімге Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев пен ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Сабыр Есімбетов қол қойды. Сондай-ақ осы шара шеңберінде жүзден астам бизнес өкілдері қатысқан Саратов және қазақстандық кәсіпкерлердің байланыстар биржасы өтті.