Сарыағаштық оқушы әлемнің 36 жетекші университетінен шақырту алды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Сарыағаш ауданына қарасты № 7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің 36 беделді университетінен оқуға шақырту алды.

Сарыағаштық оқушы әлемнің 36 жетекші университетінен шақырту алды
Фото: Түркістан облысының білім басқармасы

Ақжүніс үздіксіз ізденістің арқасында елеулі жетістікке қол жеткізді. Ол АҚШ, Канада, Дубай, Түркия және Малайзиядағы жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, барлығынан шақырту алды. Оның ішінде Америка Құрама Штаттарының 17, Дубайдың 5, Түркияның 6, Малайзияның 5 университеті оған арнайы грант ұсынса, Канаданың бір университеті президенттік стипендиямен оқуға қабылдаған.

— Ұлттық бірыңғай тестілеуде 111 балл жинаған Ақжүніс халықаралық қатынастар мамандығын таңдап отыр. Ол — аталған білім ордасынан шетелдік жоғары оқу орындарынан көп шақырту алған алғашқы оқушы.Ақжүніс Атахан алдағы уақытта халықаралық деңгейде білім алып, ел дамуына өз үлесін қосуды мақсат етеді, — делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар