Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді. 

Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмысына байланысты 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске салсақ, бұған дейін елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылатынын жазған едік. Сондай-ақ Астанадағы Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады. 

Соңғы жаңалықтар