Сәрсенбіде Елбасы ҚР Үкіметінің алдына бірқатар маңызды тапсырмаларды жүктейді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат -  23 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында еліміздің жаңа саяси бағыты тұрғысындағы маңызды мәселелерді жүктейді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«23 қаңтарда Елбасының төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаймын. Отырыс барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев 2050 жылға дейінгі Қазақстанның жаңа саяси бағыты тұрғысындағы мемлекет алдында тұрған маңызды мәселелердің басын ашады деп күтілуде»,-деп атап өтті ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет отырысында еліміздің экономикалық өсім қарқынын қалыпта ұстау шаралары мен көлік инфрақұрылымының дамуы, «Жасыл экономика» мен үшінші индустриялық революцияның дамуы секілді маңызды ғаламдық бағыттарға мемлекеттің сай келуі басты назарда болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар