Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат  -Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын болады, ал қалған аймақтарда жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды..
None
None

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшейеді.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Соңғы жаңалықтар