08:25, 17 Қаңтар 2022 | GMT +5
«Сары» аймақта бір облыс қана қалды, қалғандары - «қызыл» аймақта
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Түркістан облысы.
«Жасыл» аймақта: Ешбір өңір жоқ.
Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта болған еді.