Сарыағаш ауданында аса ірі көлемдегі героин тәркіленді
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 50 мың дозаға жететін осыншама мол көлемдегі есірткіні шетелдіктер күнбағыс майының құтысына жасырып алып бара жатқан. Сондай-ақ Теміртау қаласында 10 грамм героинді саудалау барысында жергілікті тұрғын ұсталып, оның пәтерін тексеру кезінде 518 грамм героин табылды. «Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавл қаласының 57 жасар тұрғынының үйінен 400 грам героин тәркіледі. Бұл есірткі сатуға арналған. Ал Жамбыл облысының Шу ауданында Көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының 32 жасар тұрғынын ұстап, одан 602 грамм кептірілген марихуана алды. Аталмыш әрекеттер бойынша есірткіні заңсыз сақтады деген айыпппен қылмыстық іс қозғалды», деді департамент бастығы.