Сарыағаш ауданындағы 25 елді мекенді таза ауызсумен қамтуға 220 млн. теңге бөлінді

Өткен жылдары көктемнен күзге дейін бұл ауылдың тұрғындары құбырмен келетін суды кестемен пайдаланып келген еді. Әсіресе, жазғы шілденің кезінде ауызсу жетпей қиналатын. Судың кермектігін азайтатын мембраналық қондырғыны орнатқан соң, тағы бір ұңғыманы іске қосуға мүмкіндік туды. Екі ауыл округіне қарасты 25 елді мекенге ауызсуды екі ұңғымадан алады. Бір жарым шақырым тереңдіктен тартатын болған соң, ол су 55 градус ыстық. Оны суыту үшін араластыруға арналып қазылған үшінші ұңғыманың суы кермек шыққан. Республикалық бюджеттен 94 млн-нан асатын теңгеге су тазалайтын мембраналық қондырғы орнатылды.
«Биыл облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлініп, Сарыағаш қаласын 24 сағат ауызсумен қамтамасыз етуге қол жеткізейін деп отырмыз. Биыл басқа да қыруар қаржы бөлініп жатыр. Құбыр суымен қамтамасыз етуді 65-тен 70 елдімекенге жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оған жобалық-сметалық құжаттар жасалған. Нақты мәлімет болуы үшін 49 елді мекендегі жерасты су қорының көлемін анықтау мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Сарыағаш ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.