Сарыағаш ауданының тұрғындары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тамаша фестиваль куәсі болды - ОҚО (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Барша аудан тұрғындары қатысқан шарада киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Сонымен қатар, фестивальде қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, кітап, ұлттық киімдер және қолөнер көрмелері ұсынылды.
Өнер байқауына қатысқан аудан әкімі Б.Парманов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ауданның мәдениет саласындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, шара кезінде арнайы бейнефильм көрсетілді.
Концерттің соңы мерекелік от шашумен аяқталды.
Айта кетейік, ауылды жерлердегі мәдениет үйлері мен клубтарда халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсартып, жұмыс сапасын арттыруды, ауылдағы жас таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық өнер фестивалінің қорытындысы сәуір айында жарияланады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram