«Сарыағаш» балалар шипажайының 78 қызметкеріне 7 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы төленді - ОҚО
«Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-да Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді. Оның барысында кәсіпорынның 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларына 78 қызметкеріне жалпы сомасы 6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары бойынша берешек туындағаны анықталды», делінген хабарламада. Кәсіпорынның қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында ОҚО Сарыағаш аудандық прокуратурасы шипажайдың бас дәрігерінің атына ұсыныс жазба енгізді. Оны қарау нәтижесінде аталған шипажайдың 78 қызметкерінің жалпы сомасы 6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары толық көлемінде төленді.