Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген
Осылайша жәбірленуші арада бірнеше айлар өткеннен кейін көліктері жоқ екенін біліп, полициядан көмек сұрайды. Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркелді.
Кешенді шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктілердің жеке-басы анықталды. Олар жәбірленуші көліктерін сеніп тапсырып кеткен автотұрақта жұмыс жасаған әйел мен
оның ұлы болып шықты. Полицейлер қылмыс жасап, жасырынған күдіктілерді Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен тауып, ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындады.
Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылы алаяқтық жасап, 3,5 жыл мерзімге бас
бостандығы шектелген тұрғын қайта қылмыс жасаған. Анасын көндіріп, көліктердің алтауын Шымкент қаласында 5 миллион теңгеге сатып жіберген. Ал, қалғандарын Сарыағашта
бөлшектеп 2.5 миллионға өткізген. Ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.
Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде алынған көліктер заңды иесіне
қайтарылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.