Сарыарқа ауданында 58 көпқабатты үйдің жертөлелеріндегі апатты құбырлардың проблемасы шешілді

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы елорданың Сарыарқа ауданында 881 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелерінде мүлікті түгендеу жұмыстары жүргізілді.
None
None

Іс-шара барысында 58 жертөленің инженерлік желілері әбден тозғандығы анықталды. Осыған байланысты жылу беру құбырлары, кәріздер, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізілді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Осының барлығы қаланың аталған бөлігіндегі тұрғын үй қоры нысандарына уақытында жылу беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Сарыарқа ауданы аумағында барлығы 957 тұрғын үй орналасқан. Оларға 139 мекеме (ПИК, ЖШС, ЖК, ӨК) қызмет көрсетеді.

«Бүгінгі күні ауданда 271 шақырым су құбыры желісі, 42 сорғы стансасы мен биік үйлерге су айдайтын 39 шағын станса бар. 2012 жылы ауданның сумен жабдықтау желілерінде 260 құдық тазаланып, 210 су колонкасы ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар