«Сарыарқа» қарағандылық хоккей командасын Ресей маманы Андрей Кирдяшов басқаруы мүмкін

РАҒАНДЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасының бас жаттықтырушысы ресейлік маман Андрей Кирдяшов болуы мүмкін. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

«А.Кирдяшов бапкерлік қызметке басты үміткерлердің бірі болып табылады. Бұған дейін ол «Нефтяник» (Лениногорск), «Южный Урал» (Орск) және «Крылья Советов» (Мәскеу)» сияқты клубтармен жұмыс істеген», - делінеді клубтың ресми сайтының хабарламасында.

Үміркерді таңдау кезінде Ресей хоккей федерациясының, сондай-ақ Владислав Третьяк, Владимир Юрзинов сияқты үздік мамандардың пікірлері ескерілген, деп мәлімдейді клуб басшылығында. «А.Кирдяшовтың 40-тан астам тәрбиеленушілері КХЛ, ҰХЛ және ДХЛ клубтарында ойнайды, бұл Континенттік хоккей лигасына дайындық алдындағы клубты күшейту үшін жаңа хоккейшыларды іздестірудегі селекциялық жұмысты жеңілдетуге көмектеседі.

«Сарыарқаның» бұрынғы бапкері Рамиль Сайфуллин қарашаның аяғында өз еркімен қызметтен кеткен. Оның өтінішін қабылдаған клуб басшылығы оны бапкер-ойыншы қызметіне ауыстырған. Бас бапкердің қызметін атқарушы Сергей Войкин болып тағайындалды, бірақ желтоқсан айының басында ол да клубтан кетті.

А.Кирдяшов 45 жаста. Ол Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы болып табылады. Хоккейге 1982 жылы келіп, Альметьевск қаласының «Спутник» командасында болған. 17 жасында шеберлер тобының үздік шабуылшысы болды, бірақ алған жарақатының салдарынан ойыншы ретіндегі қызметін аяқтады. 1990 жылдардан бастап жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар