09:56, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Сарысулық дәрігерлер алыс ауылдарды аралауға аттанды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Сарысу ауданының кейбір ауылдары «өркениеттен тым алыста» - аудан орталығы Жаңатас қаласынан 200-300 шақырым қашықтықта орналасқан.

Сол алыс ауылдардың тұрғындары білікті медициналық көмекке мұқтаж-ақ. ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағанындай, Сарысу аудандық ауруханасы мен Жаңатас қалалық емханасының дәрігерлері медиктердің көшпелі бригадаларын ұйымдастырып, осынау мәселені шешіп отыр. Олар ауданның Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл және т.б. ауылдарының әрқайсысында 10 күннен болып, ауыл тұрғындарының денсаулықтарын тексереді, мұқтаждарға қажетті білікті медициналық көмектер көрсетеді.