Сәт Тоқпақбаев «Барыс» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәт Тоқпақбаев «Барыс» орденімен марапатталды

«3 қыркүйекте ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды», делінген хабарламада.

Кәрім Мәсімов отставкадағы генерал-полковниктің Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.