Сәтбаев қаласында жер сілкінген жоқ — ТЖМ

Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма – сейсмолог жауап берді
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсмикалық станциялар желісі Сәтбаев қаласында жер сілкінуін тіркеген жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

«14 ақпан күні сағат 12:21-де Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» ЖШС бас геомеханигінен Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмыс істеп тұрған № 65 шахтасында бос орындарды мәжбүрлеп жоспарлы өтеу болғаны туралы хабарлама түсті, соның салдарынан сезілмеген сейсмикалық оқиғалар тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері (шамамен 20 км қашықтық) шықты. ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі осы кезеңде жер сілкінісін тіркеген жоқ», — делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар