Сәтбаев қаласында полиция қызметкерін өлтіріп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында жол-патрульдік полициясының 46 жастағы қызметкері өз пәтерінде өлтірілген күйінде табылды, деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Сәтбаевта өз пәтерінде жол-патрульдік полициясы қызметкерінің зорлықпен өлтіру белгілері бар мүрдесі табылды. Қарағанды облыстық ішкі істер органдары аталған фактімен ҚР ҚК-нің 99 бабымен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша сот алдындағы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Ауыр қылмысты жасаған тұлғаны анықтап, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Арнайы тергеу-жедел тобы облыстың, Жезқазған және Сәтбаев криминалдық полициясының тәжірибелі қызметкерлерінен құрылғаны атап өтіледі.

«Өлтірілген кезде жәбірленуші қызметтен тыс болған, ІІБ-гі қызметі кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті», - деп қосып өтті ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар