18:26, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сәтбаев қаласында Президенттік бағдарлама аясында салынған жаңа мектеп ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» Президенттік бағдарламасы аясында салынған жаңа мектептің ашылуы болды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жаңа оқу орны қазіргі стандарттарға сай келеді. Мектеп 1 200 орынға есептелген. Мұнда лингафон және мультимедиа сыныптары, 756 орындық акт залы, медицина бөлмесі бар. Енді қаладағы мектептердің жетіспеуі проблемалары шешімін тапты. Биылғы жылы Сәтбаев қаласында тағы да екі әлеуметтік нысан: 320 орындық балабақша және емхана ашу жоспарланып отыр.Өткен жылы Қарағанды облысында: Балқаш, Абай және Ақтоғай аудандарында төрт жаңа оқу орыны, Қарқаралыда кәсіби-техникалық лицей ашылды.