15:15, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сәтбаев қаласының тұрғыны итті атамын деп өзін жарақаттап алды
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының 33 жасар тұрғыны итті атамын деп өзін жарақаттап алды,

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оң иығын жарақаттап алған ол қалалық медициналық бөлімшеге жатқызылды. Оның айтуынша, бұл оқиға саяжай қоғамдастығының аумағында болған. Ол өз итін атып тастамақшы болған кезінде, жазатайым атылған оқ өзіне тиген.