09:31, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Сәтбаев кенішінде электр детонатор жарылысынан жұмысшы зардап шекті
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахта, №6 учаскеде кеше сағат 02.40-та жерасты машинасында 3 электр детонатор жарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Оқиға салдарынан 43 жастағы жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.