Сәтбаев перзентханасының маңында өлі сәби табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында перзентхана маңында өлі сәби табылды, деп хабарлады қала прокуратурасынан.
None
None

4 маусым күні сағат кешкі жетілер шамасында қала тұрғыны перзентхананың артқы жағындағы ауласында, қосалқы есігінің маңында сәбидің өлі денесін байқап қалды. Бұл туралы азаматша дереу полицияға хабарлаған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптама жұмыстары бекітілді. Жаңа туған ер баланы тірі болған кезде тастап кетті деген болжам да бар. Кіндігі және тастап кеткен жерде қан болған. Мүмкін кеш аңғарған болар. Тірі әлде өлі күйде тастап кетті ме,оны сараптама нәтижесі көрсетеді», - деді қалалық прокуратурада.

Соңғы жаңалықтар