Сәтбаев тұрғынын атып кетті деген күдікпен екі адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атқан оқиғаға байланысты 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.
None

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 20 жастағы екі адамды ұстады. Оның бірі – көлік жүргізген болса, екіншісі – болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған күдікті кінәсін мойындады.

Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіп қалады, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнында күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары басталды.

Оқиғаға қатысы барлардың барлығының жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр.

Еске салсақ, кеше Сәтбаев қаласында сауда орталығының алдында ер адамды атып кеткені хабарланған болатын.



Фото: t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар