Сәтбаевта маскүнем әйелдің үш жасар баласы жетімдер үйіне өткізілді
Әйелдің перзентханадан шыға салысымен алкогольді ішімдік ішіп жүргенін білген полиция қызметкерлері, прокуратура, әкімдік қызметкерлері, қамқоршылық органдары және кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия оның үйіне келді.
Жас ана оларды мас күйде қарсы алған.
«Мас күйде болған ол бізбен әзер сөйлесті. Тәртіп сақшылары оны айықтыру мекемесіне жеткізді, ал бала «Малютка» балалар үйіне жеткзіліп, медициналық бақылауға алынды. Сараптама қорытындысы әйелдің орташа деңгейлі мас күйде болғанын анықтап, дем шығару кезінде 4,5 промилле белгіледі», - деп мәлім етті Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
39 жастағы ана нәрестесі дүниеге келе салысымен ішімдікке қатты әуестене бастаған, таңертең ерте үйінен кетіп, түн ортасында мас күйде оралып жүрген. Бұл уақытта балаға әйел жалдап тұрып жатқан бөлменің иесі күтім жасаған. Туғаннан кейін үш ай ішінде бала бір де бір рет дәрігерлердің қарауында болмаған, анасы Сәтбаевтағы дәрігерлер қарауына тіркелмеген.
Бөлме иесінің балаға жасап келген қамқорлығы мен күтімінің арқасында аман келген.
«Анасына баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін заң алдында жауап беруіне тура келеді. Сәтбаев ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы ұсыныс дайындады», - дейді Бақытжан Құдияров.