Сәтбаевтағы асфальт зауытының аумағында битум жанды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы асфальт зауытының аумағында битум жанды.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ алғашқы бөлімшелері зауыт аумағындағы шұңқырда 50 шаршы метр аумақта битумның жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары берілді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жану толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде битум экспортына биыл да тыйым салынатынын айтқан еді.
Өскемен қаласында көлік жүргізушілері жолға төселген битумның дөңгелекті бүлдіргеніне шағымданған болатын.