09:58, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Сәтбаевтағы кеніште учаске монтаждаушысы қаза тапты
АСТАНА.12 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс бірлестігі» ЖШС-нің Батыс Жезқазған кенішінде төтенше оқиға болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 11 наурыз күні сағат 20:15-те монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде учаске монтаждаушысын қопарыла құлаған кен жыныстары басып қалды. 29 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.