Сәтқалиев Қашағаннан 150 млрд доллар талап ету жайында: Бұл — коммерциялық дау-дамай
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның Қашаған мұнай кен орнын игеруші халықаралық мұнай компанияларынан 150 млрд доллар талап етуіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл — таза коммерциялық дау. Сөз өнімді бөлу туралы келісімді жүзеге асыру аясындағы республиканың құқықтары жайында болып отыр. Барлық ақпарат құпия, келісу, бекіту, сот шешімі бойынша ресми процедуралар жүргізіліп жатыр», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Алмасадам Сәтқалиевтің атап өтуінше, бұл даудың жобаға қатысушылардың инвестициялық позициясына ешқандай әсер етпейді.
«Процедура аясында келісім жүргізіліп жатыр. Ол құпиялылық туралы тиісті келісімге орай шектеулі. Сондықтан аталған мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын. Негізгі процедураларға қатысты барлық ақпарат ресми баспасөз мәлімдемесімен ұсынылады», — деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуірде Қазақстан Қашаған мұнай кен орнын игеруші халықаралық мұнай компанияларына арбитраж шағымын ұлғайтып, жоғалған пайданың орнын толтыруды талап етті.
Бұған дейін ел үкіметі шамамен 16,5 миллиард долларды өндіріп алмақшы болған еді.
Кейін сома күрт өзгеріп, 138 миллиард долларға артты.