Сәтпаевтағы қоқыстан табылған нәрестенің анасы басқа қалалардан да іздестірілуде

Баланың анасын іздеу жұмыстары Сәтпаев қаласынан 28 километр қашықтықта орналасқан Жезқазған кенті мен 70 километр жерде орналасқан Кеңгір ауылдарынан басталды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстары Жезқазған қаласында да жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі таңда өңірдегі жүкті және босанып алған әйелдердің барлығы тексерілді. Олардың балаларының жағдайы бірқалыпты, қажетті күтімдерін алып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймағындағы өкілдігі.
Жаңа туған нәресте мемлекет есебінен жерленді. ҚК 100 бабы «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, 16 шілде күні коммуналдық қызмет жұмысшылары Сәтпаев қаласындағы Жастар көшесінің бойындағы қоқыс жәшігінен жас нәрестенің өлі денесін тауып алған болатын. Аталған бап бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот-медициналық сараптамасының бастапқы тексеруі бойынша күштеп өлтіру белгілері табылмаған. Дегенмен, полиция қызметкерлері баланы өлтірген деген болжам жасап отыр.