Сауалнама: Қазақстандықтар Жолдау туралы жан-жақты хабардар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Жолдаудың жариялануы еліміздің жаңа тарихының маңызды датасымен сәйкес келгені символдық мәнге ие, деген пікір білдірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Зарема Шаукенова.
None
None

«Осыдан тура жиырма бір жыл бұрын, 1997 жылғы 10 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы - Қазақстан-2030 Стратегиясын жариялаған болатын. Содан бері Президенттің жыл сайынғы жолдаулары - қоғам назарында. Социологиялық сауалнамалардың мәліметтері қазақстандықтардың Елбасы жолдаулары туралы жоғары деңгейде хабардар екенін тұрақты түрде көрсетіп отыр. Сонымен қатар халық Жолдаудағы Елбасы тапсырмаларының міндетті түрде орындалатынына сенім артып, зор үмітпен күтеді. 

Президенттің әрбір Жолдауы қашанда өзекті мәселелерге арналады. Оларға қарап күтілетін нәтижелерді де бағалауға  болады. Президенттің бұл жолғы Жолдауы да көкейкесті әлеуметтік мәселелерге арналды.

Халықтың әл-ауқатын тұрақты түрде арттырып отыру, өмір сүру деңгейі біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып қалуда. Елбасы өз халқына Жолдауында өмір сүру сапасын көтеру қажеттігін қадап айтты.

Өмір сүру сапасы - күрделі әрі көпдеңгейлі ұғым. Ол денсаулық, өмір сүру ұзақтығы, экология, тамақтану, еңбек ету жағдайлары, тұрмыстағы жайлылық, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар, әлеуметтік орта, мәдени және рухани қажеттіліктердің өтелуі, отбасының әл-ауқаты, білімнің, ақпараттың қолжетімділігі, бос уақыт сияқты көптеген критерийлер негізінде өлшенеді.

Президент Жолдауда қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталып, оған жетудің нақты міндеттерін белгілеп берді»,-дейді Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Соңғы жаңалықтар