Сауалнама: жүргізушілердің 7 пайызы қауіпсіздік белдігін жол полициясын көргенде ғана тағады

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - ІІМ Жол полициясы комитеті өзінің ресми порталында сауалнама өткізіп, онда қазақстандық жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты пікірлерін білді.

Сауалнама: жүргізушілердің 7 пайызы қауіпсіздік белдігін жол полициясын көргенде ғана тағады

Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ақпан айында сауалнамаға 500-ден астам қатысты. Жүргізушілердің дені, нақты айтқанда, 82 пайызы көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдіктерін ұдайы пайдалатындықтарын айтты. Сауалнамаға қатысқан қалғандарының пікірі келесідей болды: 24 адам немесе 5 пайызы қауіпсіздік белдіктерін елді мекеннен тыс жерге шыққанда, яғни қаланың сыртында ғана пайдалану қажет деп санайды, 35 адам немесе 7 пайызы қауіпсіздік белдіктерін жол полициясы қызметкерлерін көрген кезде ғана пайдаланатындықтарын мойындады, 11 адам немесе 2 пайызы көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдіктерін өте сирек пайдаланатынын айтса, қалған 24 жүргізуші немесе 5 пайызы қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды мүлдем қажет деп санамайды.

Бұл ретте, Жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Кеңестің (ETSC) деректері бойынша Еуропада жүргізушілердің 88 пайызы қауіпсіздік белдіктерін пайдаланады екен. Ең жауапты жүргізушілер Франция, Германия, Швеция, Ұлыбритания және Нидерландыда, онда азаматтардың 95 пайызы қауіпсіздік белдіктерін пайладанады.

Статистика бойынша, қауіпсіздік белдіктері жол апаты жағдайында көліктің алдыңғы орнында отырған жолаушының өлімін екі есеге, ал артқы жақтаотырған жолаушылардың өлімін үш есеге төмендеді. Фронтальді соқтығысқан кезде көлік жүргізушінің өлімі екі-үш есеге, бүйірден соққан кезде - 1,8, ал көлік құралы аударылған кезде өмірге деген қауіп 5 есеге дейін азаяды.

«Өкінішке орай, сауалнама көрсеткендей, кейбір жүргізушілер қауіпсіздік белдіктерін пайдаланудың маңыздылығын ескермейді. Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жеке шешімге байланысты деп ойлайтын жүргізушілерге, көлік ішінде ұжымдық жауапкершілік қағидасы іске асырылатынын естеріне салып өтейін. Егер салонда отырған бір жолаушы қауіпсіздік белдігін пайдаланбаса, ол жол апаты кезінде өте қауіпті болады, тек өзін ғана емес жанында отырған адамдарды да жарақаттауы мүмкін», - деп атап өтті ол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов.