Сауд Арабиясы Эр-Риядқа бағытталған екі зымыранды атып түсірді
АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясы бастаған коалиция корольдік астанасы Эр-Риядқа қарай ұшырылған екі зымыранды әуеден қағып түсірді. Зымырандарды Йемендегі хуситтер қозғалысының өкілдері ұшырған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Report хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, зымырандар Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы тарапынан ұшырылған.
Оқиғаның өзге мән-жайы, соның ішінде зымырандардың қай жерден ұшырылғаны мен оларды жою кезінде келтірілген залал туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, Йемендік хуситтер Сауд Арабиясындағы Даммам және Джизан әуежайларына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасағанын, сондай-ақ ерте ескерту радары мен әскери-көлік ұшағына соққы бергенін мәлімдегенін жазған едік.
Сауд Арабиясындағы жағдайға байланысты Азия кубогі 2027 жылдың соңына шегерілді.