Сауд Арабиясына жасалған соққыдан екі адам қаза болып, 12-сі жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясында тұрғын үйге түскен снаряд салдарынан екі адам өліп, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы.

Два человека погибли и 12 ранены при ударе по Саудовской Аравии
Фото: Anadolu Ajansi

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққы Эль-Хардж провинциясының орталық бөлігіндегі тұрғын үй кешеніне тиген.

Мерт болғандар Үндістан мен Бангаладеш тұрғындары болып шықты.

Мәлімдемеде тұрғын үйлер орналасқан аудандарға жасалған соққылар халықаралық гуманитарлық құқыққа қарсы екені айтылған.

Оқ-дәрінің түрі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Осыған дейін Иранның Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум