Сауд Арабиясында қар жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының солтүстігінде сирек кездесетін табиғат құбылысы тіркелді: бірнеше облыста қар жауды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Сауд Арабиясында қар жауды
Фото: Gulf news

Табук пен Хайл таулы аймақтарында, әсіресе Джабал әл-Ләуз тауының маңындағы аумақтар қар астында қалды. Жергілікті тұрғындар мен аталған өңірдің қонақтары шаңғы теуіп, шанамен сырғанап, қар астында серуендеді. Табиғаттың сирек құбылысы туралы видеолар әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. 

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорологиялық орталығы осыған дейін аймақта болған циклоннан кейін ауа температурасының күрт төмендеуі және қар жаууы мүмкін екені туралы ескерту жасаған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сауд Арабиясының шығысындағы Эш-Шаркия провинциясында ауа райына байланысты ескертудің қызыл деңгейі жарияланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар