Сауд Арабиясының «Ұйқыдағы ханзадасы» қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясының «Ұйқыдағы ханзадасы» атанып кеткен ханзада Әл-Валид ибн Халед ибн Талал Әл Сауд 20 жылдық комадан кейін өмірден озды.

Умер «спящий принц» Саудовской Аравии
Фото: News.com.au

Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде оның әкесі, ханзада Халед ибн Талал ибн Абдулазизге хабарлады. Ханзаданың жасы 36-да болды.

2005 жылы ол Лондонда оқу кезінде жол апатына түсіп, миына қан құйылып, комаға түскен. Содан бері ол Эр-Риядтағы король Әбдулазиз атындағы медициналық орталықта жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған.

Ханзаданың әкесі баласын жасанды дем алу құрылғысынан ажыратуға қарсы болған. Жылдар бойы оның еміне АҚШ пен Испаниядан келген шетелдік мамандар тартылғанымен, ханзада есін жимастан көз жұмды.

Бұдан бұрын Нигерияның бұрынғы президенті Мұхаммаду Бухари 83 жасында Лондондағы ауруханада көз жұмғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар