Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанмен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы өтіп жатқан бизнес-форумда Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар бойынша агенттігінің төрағасы Амр Даббах Қазақстан тарапын ғылым саласында бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз қазір елімізде жаңа технологиялар саласын дамытудамыз. Атап айтқанда, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін биология, ақпараттық технологиялар және басқа да ғылымдар бойынша біз технологиялық орталықтар құрдық»,- деді ол. Осы орайда Амр Даббах Қазақстан тарапын Сауд Арабиясы Корольдігінің іргелі оқу орындарында бірлесе ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырды. Бүгінде Қазақстандағы ғарыш айлағынан зымырантасығыштар арқылы ғарыштық аппараттар ұшырылатынына тоқталған ол, «осыған байланысты Сауд Арабиясының институттарымен бұл салада ынтымақтастық жасауға болады», - деді.
Соңғы жаңалықтар