Сауд Арабиясы королі сарайындағы атыс: Екі адам ажал құшып, үшеуі жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы королінің Джиддадағы сарайына шабуыл жасалды.
Қаскөй осы елдің 28 жастағы азаматы Мансур бин Хассан Аль-Амери болып шықты. Одан Калашников автоматы мен үш бөтелке жанғыш шөлмек табылды. Шабуыл салдарынан екі күзетші қаза тапты Тағы үшеуі жараланған. Мансур бин Хассан Аль-Америді сол жерде атып өлтірді, деп хабарлайды «Аль-Арабия» телеарнасы.