Сауд Арабиясында маусымның ең жөнсіз автоголы соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аль-Шабаб» клубының қақпашысы Фарук Бен Мустафа қателік жіберіп, оның командасы Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Охудаға» қарсы матчта жеңіліске ұшырады.

Сауд Арабиясында маусымның ең жөнсіз автоголы соғылды

Ойынның 89-ыншы минутында, есеп 1:1 болып тұрғанда Бен Мустафа ешкім шабуыл жасамаса да, әріптесінің пасынан кейін допты аяғының астынан өткізіп алған. Доп өз қақпасына кіріп кетті.

Айта кетейік, «Аль-Шабабтың» бұл кездесуінде «Кубанның» бұрынғы ойыншысы Маркос Пиццели ерекше көзге түсті.