Сауд Арабиясының делегациясын ІІІ Астаналық экономикалық форумға САК Индустрия және сауда министрінің орынбасары бастап келеді

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының делегациясын ІІІ Астаналық экономикалық форумға САК Индустрия және сауда министрінің орынбасары Абдулла аль-Хамуди бастап келеді, деп хабарлайды САК-тағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Болашақ сапар кезінде Индустрия және жаңа технологиялар, экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы министрліктерінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшыларымен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Тараптар сауда-экономикалық және қаржылық қарым-қатынастардың одан әрі дамуының мәселелерін, соның ішінде, Король Абдалла бен Әбдел Әзиздің Сауд Арабиясының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқауларын орындау аясында аграрлық өнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға Сауд Арабиясының инвесторларын белсенді түрде тарту мәселелерін талқыламақ.

Күтіліп отырғандай, кездесулер барысында, Сауд қорының өкілдері ҚР «Жол картасы» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Қор тарапынан түрлі экспорттық операцияларды қаржыландыруға қатысты өз ұсыныстарын енгізбек.

Астаналық экономикалық форумға былтыр ҚР экономикасын дамытуға 271 млн. доллар қаржы бөлген Ислам даму банкінің өкілдері де келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта тараптар жалпы құны 228 млн. доллар болатын Қазақстанға бағытталатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін жаңғыртудың екінші сатысын қаржыландырудың мүмкіндіктерін қарастыруда.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Эр-Риядтағы елшілігінің белсенді қолдауының арқасында саударабиялық үкіметтік және іскер топтар өкілдері Астаналық экономикалық форумға екінші жыл қатарынан қатысқалы отыр.

Мәселен, 2009 жылғы наурыздың 10-12-сі аралығында өткен ІІ экономикалық форумға Сауд Арабиясы атынан Экономика және жоспарлау министрі Халед бен Мұхаммед әл-Кусейби қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар