Сауд Арабиясының ханзадасы қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Королдік сарайы Салман бен Абдаллах бен Турки Аль Сауд ханзадасының қайтыс болғандығы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды SPA агенттігі.
«Салман бен Абдаллах бен Турки Аль Сауд ханзада ана өмірге аттанды», - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.
Ханзаданың қазасының себептері әзірге жарияланбай отыр.
Марқұмның жақындарына сілтеме жасаған Eremnews агенттігінің мәліметінше, ханзада 26 жаста және оның өліміне ұстамалы жүрек ауруы себеп болды.