01:58, 07 Тамыз 2017 | GMT +5
Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне қастандық жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мухаммед бен Сальманға қастандық жасалды, деп хабарлайды korrespondent.net.

FARS агенттінің мәліметтеріне қарағанда, ханзада зардап шекпеген, қастандықты ұйымдастырушылар қамауға алынды.
Соңғы кездері Сауд Аравиясында король Салмана бен Абдулазиз аль-Сауданың биліктен кететіндігі болжаннан кейін, билікте тартыс күшейіп кеткен.
Басылым Эр-Риядегі аты аталмаған батыс дипломатының сөзіне сілтеме жасай отырып, тақ мұрагеріне қастандықты сауд ханзадаларының бірі жасағандығын айтады.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының королі Сальман осы жылы тақ мұрагерін ауыстырып, Мухаммед бен Наифтың орнына 31 жастағы өзінің ұлы Мухаммед бен Сальманды тағайындаған болатын.